Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 43
- 04.03.2011
- 05.03.2011
- akimфе of Almaty region
Жантасова Г 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:
2. Ежелден құтты қоныс, жайлы мекен болған Жер жаннаты Жетісу өлкесіндегі мемлекеттік тіліміздің жай-күйіне тоқталсаңыз?
Администратор 31.03.2011
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Қазір облысымызда қазақ тілін оқып үйренуге, мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізуге қажет барлық жағдайлар жасалған. Бұл жағынан Алматы облысы бүкіл республикада алдыңғы қатарда деп айтуға болады. Өткен жылы облыс орталығы Талдықорған қаласында республика бойынша тұңғыш Тіл сарайы салынып пайдалануға берілуі – соның жарқын айғағы. Облыс орталығында соңғы үлгіде жабдықталған осындай ғимараттың пайдалануға берілуі, сөз жоқ, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқытудың материалдық-техникалық базасын нығайта түсті. Тіл сарайында 96 сағаттық бағдарлама бойынша 240 адам 6 ай бойы, ал 1 жылда 480 тыңдаушы өздерінің тілдік білімдерін жетілдіре алады. Елбасымыз халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп енгізу міндетін қойған болатын. Тіл сарайын салудағы басты мақсат та осы талаптарды жүзеге асыру болды. Облыста мемлекеттік тілді, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдерін тиімді меңгеруде ең үздік, инновациялық әдістемеліктерді, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейне материалдарды қолданудың тың бастамасы қолға алынып отыр. Жалпы облыстың басқа ұлт өкілдері тығыз қоныстанған 8 ауданы мен 3 қаласында бүгінгі күн талабына сай жабдықталған 14 мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Елбасының: «Толыққанды тілсіз ұлт болу мүмкін емес... Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі - тіл»,-деген ғибратты сөздері әрбір көзі қарақты азаматтың көкейінде жатталары сөзсіз. Біз де өзгелердей іргесі мықты, әлеуеті күшті өркениетті ел боламыз десек, тіліміздің өрісі мықты, қадамы құтты болуына барша халық болып, ортақ тілеулестік білдіруге тиіспіз.