Жамбыл облысының әкімі Қ.А.Бозымбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Жамбыл облысының әкімі Қ.А. Бозымбаевтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 14
- Жауаптар: 14
- 16.07.2012
- 18.07.2012
- Жамбыл облысының әкімдігі
Елдос 18.07.2012, Сұрақ нөмірі:
Аса құрметті Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы! Мен студентпің, Тараз қаласындағы бір мәселені шешсеніздер, тұрғындардың демалу орның. Тараз қаласында бірде бір сауда, ойын-сауық орталықтары жоқ. Мысалы Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау қалаларында "Мега", "Прайм", "Керуен" ойын-сауық орталықтары бар. Неге біздің Тараз қаламызда осындай ойын-сауық орталықтарың соқпасқа? Отбасымен, достарымен, қала қонақтарымен демалуға, ойнап, күліп, кино көріп қайтуға баратындай ойын-сауық орталық соқсаныздар қала тұрғынадрына, әсіресе жастарға жақсы болар еді... Сізге көп Рахмет! Жұмысыныз алға баса берсің!
Администратор 19.07.2012
Тараз қаласында ойын-сауық демалыс орталықтарын салу мәселесі өзекті болып отыр. Осыған байланысты Әл-Фараби көшесінің бойында Мега орталығының құрылысы үшін «СтройДистрибюшн» ЖШС-не 1,5 га жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңда аталған серіктестік тарапынан жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, биылғы жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, «Аташабар» скверінің маңынан «Киноплекс» ЖШС-не 3D кинотеатр құрылысы үшін 0,31 га жер телімі бөлінді. Бұл серіктестік тарапынан жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сұрағыңызға рахмет.