Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұлының қатысуымен өткен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыптағы Интернет-конференция

28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Интернет пайдаланушылары өзін қызықтырған сұрақтары ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 9.00.- дан 29 қыркүйек күнгі сағат 10.00.-ға дейін қабылданады. Сұрақтарға берілген жауап 2011 жылғы 2 қазанда веб-порталда орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 28.09.2011
  • 29.09.2011
  • Интернет-конференция на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!» с участием акима Западно-Казахстанской области Измухамбетова Бактыкожи Салахатдиновича

Габдушева Зарифа Гарифулловна 28.09.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы ! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында жұмыссыздық деңгейі төмендейтіндігі туралы айтылған болатын. Осы бағытта облыс орталығы Орал қаласындағы жастардың жұмысқа орналасуы туралы білгіміз келеді

Администратор 29.09.2011

2011 жылғы 1 қаңтарында Орал қаласында жұмыспен қамту бойынша жұмыссыздар есебінде 434 адам болды. Жыл басыннан бүгінгі күнге дейін жұмысқа орналастыру бойынша өтініш берген 4932 адамның 4196 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды. Атап айтар болсақ, 2300 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 1342 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 524 жастар тәжірибесі шеңберінде құрылған жұмыс орындарына орналастырылды. 545 адам кәсіби даярлауға, қайта даяарлауға, біліктілігін арттыруға жіберілді. Бүгінгі күнге жұмыссыздық денгейі 0,8 % құрайды.