ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Сапар Қасымов 09.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Асқар Исабекұлы! Мақтарал ауданында 5,6 га суармалы жерім бар. Білейін дегенім, менің "Сыбаға" бағдарламасына қатысып, пайызы төмен несие алсам бола ма? Кей мамандар маған жеріңіз суармалы, жайылымдық жеріңіз жоқ сондықтан "Сыбаға" бағдарламасына қатыса алмайсыз дейді. Кеңесіңіз қажет.
Администратор 12.04.2013
Құрметті Сапар Қасымов! «Сыбаға» бағдарламасының несиелендіру шарты бойынша өзінің ауыл шаруашылығы жерлерінің жетіспеген жағдайда, жерді жалға алу жөнінде келісім шарт жасасуына болады және сатып алынатын ІҚМ санынан кемінде 30% көлемде жеке меншігінде малдың болуы қажет (өзінде бар ІҚМ-ға 3 ІҚМ-ды несиеге алуға болады). Несие қаржысы 6% мөлшерлемемен 7 жылға берілетіндігін хабарлаймыз. Қосымша ақпаратты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ОҚФ (сымтетік: 22-17-90) мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ОҚОФ-нан (сымтетік: 22-31-26) төмендегі мекен-жай бойынша алуға болатындығы түсіндірілді. Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі н/з үй. Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының 4- қабаты.