ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Тілеуов Қаныбек Жарасбекұлы 10.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Асқар Исабекұлы, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы күзде Оңтүстікке жасаған сапарында Шымкентті еліміздегі үшінші қала мәртебесіне көтеру жайын айтты. Бүгінде «Нұрсәт» шағынауданында жаңа әкімшілік-іскерлік орталық салынуда. Осы орталықтың құрылысын толық аяқтау қай жылға жоспарланған? Эскиздік жобасы керемет. Сол жердегі облыстық әкімшіліктің зәулім ғимараты қай жылы аяқталып, пайдалануға беріледі?

Администратор 12.04.2013

Құрметті Тілеуов Қаныбек Жарасбекұлы! ҚР Президенті Н.Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапары кезінде берген тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласындағы «Әкімшілік-іскерлік орталығы» құрылысын салуға 363 га жер телімі бөлініп, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді мен егжей-тегжейлі жоспары әзірленді. Аталған орталықта 5 нысанның құрылыс жұмыстары 2012 жылдан басталды, яғни: «облыс әкімдігінін ғимараты», «Түркістан-1364 орындық конгресс холл», «500 орындық Облыстық драма театры», «450 мың томдық Облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана», «Халықтық шаруашылық жетістіктер көрмесі». Осы нысандардың құрылыстары 2014 жылдың 4 тоқсанында аяқталуы жоспарлануда.