ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Талап Өсербеков 10.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Өзім Созақтанмын. Жасым 35-те. Шымкентте жұмыс жасап жүргеніме он бес жылдан асты. Жолдаудан «Қолжетімді баспана-2020» туралы естіп, өзім секілді мыңдаған мүмкін миллиондаған қазақстандықтардың баспана мәселесі шешілетін болды деп қатты қуандым. Бірақ, «Қолжетімді баспананың» негізгі операторы болып табылатын жарнамасы керемет «Жилстройсбербанктегі» мамандармен ақылдасып едім қуанған көңілім көп ұзамай басылды. Банктегілер менің және әйелімнің жалақысын, есептеп 2 бөлмелі пәтер алу үшін пәтердің жарты құнын 15 жыл бойы ай сайын 15000 теңгеден жинақтау қажеттілігін айтып түсіндірді. Қалған жартысын пәтер алған соң құтыласыздар деді. Жарты құнын жинақтамасаңыз пәтер алам деп үміттенбеңіз деп шығарып салды... Құрметті әкім мырза! «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы расында халық үшін қолжетімді ме?! Мұның өзге нұсқасын қарастыруға болмай ма? Мәселен, жүйені қайта қарап, пәтер құнының 50 емес 20-30 процентін жинақтау. Сосын баспанада тұрып, қалғанан құтылу деген деген секілді. Жұмысыңызға табыс тілеймін!
Администратор 12.04.2013
Құрметті Талап! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бекітіліп іске асырылуда. Бұл бағдарламаның екінші бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ банк желiсi арқылы тұрғын үй сатып алу халықтың барлық санаттары үшiн көзделінген және бұл бағыт бойынша азаматтар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің» салымшысы болған жағдайда ғана пәтер алуға құқылы. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңының нормаларына сәйкес, қарыз алу үшiн тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының талаптарын орындаған жағдайда «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» тарифтік бағдарламаларының өзіңізге ыңғайлысын таңдауыңызға болады. Сондықтан, бағдарламаның осы бағыты бойынша пәтер алу үшін, Қонаев гүлзары 13 үйде орналасқан ТҮҚЖБ-не хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сай, тұрғын үйге мұқтаж, осы елді-мекенде тұрақты тұратын және төмендегі санаттар бойынша: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары 2) халықтың әлеуметтік әлсіз топтары 3) мемлекеттік, әскери, бюджеттік мекеме қызметкерлері 4) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған және кезекке тіркелген азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан Заңда белгіленген тәртіппен кезек арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл жергілікті атқарушы органда жүзеге асырылады. Егер Сіз жоғарыда көрсетілген санаттардың біріне енсеңіз және Шымкент қаласының тұрғыны ретінде тіркеуде (прописка) болсаңыз, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай алу үшін кезекке тіркелу мәселесі бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжаттарыңызды тапсыруыңызға болады.