ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Еркин Бабаев 10.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жоғарыда айтып өттік, жұмыссыздықты азайтуға, халықтың тұрмысын түзеуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жетерлік. Осылардың ішінде банкке кепілдік қоюға мүлкі жоқ тұрмыс деңгейі төмен азаматтарды несиелеу жүйесіне арналған бағдарлама бар ма? Бар болса оның талаптары қандай? Соны білсек деп едік....

Администратор 12.04.2013

Құрметті Бабаев Еркін! «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2-ші бағыты шеңберінде өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз қатарындағы адамдарға ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылып, 2011 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап кепілдемелік мүлікке сәйкес 3,0 млн теңгеге дейін шағын несие берілуде. Аталған бағдарлама бойынша берілетін несиенің шарттары мен талаптары туралы мәліметтерді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алуға болатындығын хабарлаймыз. Ал, басқа бағдарламалар арқылы берілетін шағын несиелер туралы мағлұматты облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасынан алуға болады.