Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 43
- 04.03.2011
- 05.03.2011
- akimфе of Almaty region
Макулжанова Г. 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылатындығын атады, осы бағытта облыс аумағында қандай іс-шаралар атқарылуда?
Администратор 01.04.2011
Бүгінде асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен 59 шаруашылық айналысады, оның 35-і етті бағыттағы мал тұқымдарын өсіруде. Біздің облыста жергілікті жерге бейімделеген аудандастырылған ет бағытындағы тұқымдар: Қазақтың ақбас сиыры, Санта – Гертруда, Әулиекөл, Герофорд және Галловей болып табылады. Отандық селекционерлер біздің шаруашылықтардың базасында еліміздің оңтүстік-шығысына бейімделген Санта-Гертруда тұқымының Жетісу өңірлік типін шығарды. Облыста мал шаруашылығын дамыту, мал өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында Үкіметтің қолдауымен «Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы жүзеге асырыла бастады. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Балқаш ауданындағы асыл тұқымды ірі қара мал өсіретін «Динара - Ранч» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е.Шүкеевтің қатысуымен аталған жоба бойынша республикалық семинар өткізілді. Бұл шаруашылықта қысқа мерзімде отандық және шетелдік селекцияның бірегей мал басы шоғырландарылды, келешекте серіктестік асыл тұқымды шаруашылықтар мен басқа да ауыл шаруашылығы құрылымдарына өз малдарын сатып, ет өнімі көлемін арттыруға айтарлықтай септігін тигізедін болады. Жобаның маңызды буыны асыл тұқымды репродукторлар құру болып табылады. Мал бордақылау кешендері мен алаңдарын толық игеру үшін облыста «Динара - Ранчо» ЖШС-гі сияқты қосымша 15-20 асыл тұқымды репродукторлар құру қажет, бұл ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағдарламаның тиімділігін тауар өндірушілерге жеткізу мақсатында бір облыстық және төрт өңірлік кеңестер өткізілді.