Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы

Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/

  • Сұрақтар: 55
  • Жауаптар: 43
  • 04.03.2011
  • 05.03.2011
  • akimфе of Almaty region

Хасанов Ш. 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Талдықорған қаласы күннен күнге көркейіп, жаңа құрылыстар бой көтеруде, бірақ оларды орталықтанған жылу жүйесіне қосуға қуат көзі жетіспейді. 2009 жылы «Талдықорған қаласында жылу электр орталығын салу» жобасының техника-экономикалық негіздемесі жасалынған. Жобаны іске асыру қай жылдары көзделіп отыр?

Администратор 31.03.2011

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің тапсырысы бойынша «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы Талдықорған қаласындағы Талдықорған жылу электр орталығының (ЖЭО) құрлысының техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) дайындады. 2009 жылы ТЭН мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылыс бойынша өкілетті органның бұйрығымен бекітілді. Бірақ, ТЭН Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қайта құрылымдық өзгеруіне байланысты қазіргі күнге дейін Алматы облысының әкімдігінің коммуналдық меншігіне өткізілген жоқ. ТЭН коммуналдық меншікке өткізілгеннен кейін жобалық-сметалық құжаттама жасалынып, құрылыс жұмыстарын қаржыландыру көздері қарастырылады.