Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 43
- 04.03.2011
- 05.03.2011
- akimфе of Almaty region
Жахат Г. 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:
Облыстағы электр энергиясына тапшылығын азайту мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?
Администратор 31.03.2011
Облыстағы электр энергиясының тапшылық мәселесін шешу үшін индустриалды-инновациалық даму бағдарламасы аясында жаңа жобалар қолға алынуда. Олардың қатарында қуаты 1320 МВт құрайтын Балқаш жылу электр станциясы құрылысының бірінші кезеңі бар. Құрылыс нысаны 2009–2014 жылдар аралығында салынады. Жалпы жоба құны 360,7 млрд. теңгені құрайды. Мойнақ су электр станциясы (бұдан әрі - СЭС) толыққанды жұмыс істегенде облысымызды 300 МВт электр қуатымен қамтамасыз етеді. Оның құрылысы 2011 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны 54,1 млрд. теңгені құрайды. Облысымыздың орталығы Талдықорған қаласында қуаты 240 МВт, 660 Гкалл құрайтын жылу электр орталығын салу жоспарланып отыр. Жобаның техника-экономикалық негіздемесі бекітілді. «Мойнақ СЭС қуатын тасмалдау» жобасының жалпы құны 10,3 млрд. теңгені құрайды. Ол 2010-2012 жылдар аралығында салынады. Облыста 2008-2016 жылдар аралығында су және жел энергетикасын дамыту бағдарламасы жасалынған. 2008-2016 жылдар аралығында жалпы қуаты 326 МВт құрайтын 28 СЭС және Шелек дәлізі мен Жоңғар қақпасында жел электр станцияларын салу жоспарланып отыр. Облысымызда электр станцияларын салу 2008 жылдан бастап қарқын алды. Содан бері қуаты 19,3 МВт құрайтын 5 шағын СЭС іске қосылды.