Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 43
- 04.03.2011
- 05.03.2011
- akimфе of Almaty region
Кусаинов Ш. 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:
Алматы облысы шаруашылықтары интенсивті технологияны, ылғал сақтау технологиясын, тамшылатып суаруды кеңінен пайдалануда, осы мәселеге тоқталып өтсеңіз?
Администратор 31.03.2011
Жерді және суды тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын озық технологиямен өсіру облысымыздың көптеген шаруашылық құрылымдарына тән. Өткен жылы 2009 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы дақылдарын интенсивті технологиямен өсіру 16,9 мың гектарға артып, 100,5 мың гектарға дейін жетті (2009 ж – 83,6 мың га). 2009 жылы дәнді-дақылдар ылғал сақтау технологиясымен 41,5 мың гектарға себілсе, 2010 жылы бұл көрсеткіш 68,7 мың гектарға жетті, оның ішінде Ақсу ауданында - 5,0 мың га, Алакөл – 5,0, Ескелді – 10,0, Жамбыл – 5,7, Кербұлақ – 19,2 және Райымбек ауданында – 5,0 мың гектар алқапқа қолданылды. Алдағы жылдары бұл көлемді 135,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Соңғы екі жылда тамшылатып суару әдісі 1105 гектарға қолданылды. Мысалы: Еңбекшіқазақ ауданы – 428 га көкөніс пен 154 га бақ, Жамбыл ауданы – 15 га көкөніс, Кербұлақ ауданындағы «Жолбарыс Агро» ЖШС-і 60 га картоп дақылын өсірді. Өткен жылы Шеңгелді суармалы массивінде осы әдіспен 100 га көкөніс және 100 га бақ отырғызылды. 2010 жылғы «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қабылданған үкіметтің қаулысына сәйкес ендігі кезекте жеміс ағаштары мен жүзімдіктерге тамшылатып суару жүйесін қолдану қарастырылған. Бұл, келешекте тамшылатып суару әдісін кеңінен енгізу арқылы су ресурстарын тиімді пайдалануға оң ықпалын тигізетін болады.