Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтың қатысуымен өткен Интернет – конференция
Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтің қатысуымен өткен Интернет – конференция
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 23.06.2011
- 24.06.2011
- Интернет-конференция акима Жамбылской области К.А. Бозумбаева о ходе реализации в регионе Послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана “Построим будущее вместе!”
Балыкбаев Оспан 23.06.2011, Сұрақ нөмірі:
ҚҰРМЕТТІ ҚАНАТ АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ !
Жамбыл ауданына қарасты Ақбұлым ауылы, Тараз қаласының іргесінде орналасқан. 3800 халқы, 825 отбасы бар ауыл. 624 орынды 1 орта мектеп, 90 орынды «Балауса» балабақша, дәрігерлік амбулатория, поштамыз бар. Ауыл тұрғындары алма бағын өсірумен айналысады. Жылына 1500 тонна алма көкініс жинап, қала тұрғындарымен қатар, еліміздің бас қаласы Астана, Қарағанды қалаларын қамтамасыз етуде.
Ақбұлым ауылының тұрғындарының атынан, ауыл ішінен дренаждық Төрегелді каналы ағып жатыр. Осы каналдан Байзақ ауданының 17 шаруа қожалығы сумен қамтамасыз етіліп келеді. Жамбыл ауданы жағы екі жылда бір рет тазалап тұрады, ал Байзақ ауданы жағы мүлдем тазаланбай келеді. Соның салдарынан біздің 12 га суармалы жеріміз жарамсыз болып отыр және темір жолға да қауып төніп тұр. Осындай суға тапшы кезде, сол каналдан су алатын Байзақ ауданы шаруа қожалықтары зиян шегуде. Бұл зиян канал бойында орналасқан үйлерге де, басты көшелерге де қауіп тудырып тұр, ал Органов Қани көшесінің тұрғындары тұрып жатқан үйлер су астында қалды. Тұрып жатқан үйлерді бір жағынан алма бағынан артылған су басса, екінші жағынан дренаждан келген су басады.Төрегелді каналына келіп құятын дренаждың суын Байзақ ауданына қарасты станция Талас тұрғындары өз еріктерімен бөгет жасап, Төрегелді каналының жоғары жағынан суармалы арық жасап алған, сол себептен жоғарыда ағып жатқан арық суы, төмендегі тұрып жатқан тұрғындардың үйлерін, жерлерін су басып, әбігерге түсіруде. Дренажды байлаған бөгет бірнеше рет бұзылып, су қауіпсіздігі тоқтатылған. Осы шараға қарамастан станция Талас тұрғындары қайта-қайта бөгет құрып, су шығарамыз, бұл жер асты суы, ешкімнін қатысы жоқ деп үлкен айқай, дау-дамай шығаруда , бұл мәселе жылдан жылға жалғасуда.
Сол себептен Ақбұлым ауылы халқының атынан осы игілі іске көмек беруіңізді өтінеміз.
Ауыз су мәселесіне келсек, ауылдағы ауыз су құбыры 1961 жылы соғылған, бүгінгі таңда ауыл халқының 25 пайызы ауыз сумен қамтылған, трубалары тозғандықтан күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазіргі таңда Жібек жолы көшесінің жалпы ұзындығы 2,1 км жерге су құбырын тарту болып отыр. Газ мәселесіне келсек тұрғындар 80 пайыз газбен қамтылған, ал қалғаны 20 пайызы, яғни 143 үй газбен қамтамасыз етілмеген.
Құрметті Қанат Алдабергенұлы! Сізден осы мәселелерге ықпал етуіңізді өтінеміз.
Администратор 24.06.2011
Төрегелді каналы Тараз қаласы, Жамбыл және Байзақ аудандары арқылы өтеді. Каналдың жалпы ұзындығы 7,5 шақырым. Оның 5,5 шақырымы канал ретінде, ал, Байзақ ауданына қарасты 2 шақырымы дренаж ретінде қолданылады. Тараз қаласы мен Жамбыл ауданына қарасты бөліктерінде каналды тазалау жұмыстары ағымдағы жылы атқарылды. Алдағы уақытта Байзақ ауданына қарасты бөлігін тазалау үшін тиісті құжаттар әзірленуде. «Интергаз» Орталық Азия» АҚ-ның демеушілігімен Ақбұлым ауылының ауыз су құбырын қайта жаңғырту және жаңа салынған тұрғын-үй массивтеріне газ кіргізу мақсатында 2010 жылы құрылыс жұмыстарының алдын ала есептері жасалды. Әзірленген сметалық құжаттамаға сай ауыз су құбырының құрылысы 208,9 млн. теңгені, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының есептеулері бойынша газдандыру жұмысы 23,4 млн. теңгені құрап отыр. Газдандыру мәселесін жоғарыда аталған кәсіпорынның демеушілігімен шешу үшін келіссөздер жүргізілуде. Ақбұлым ауылының су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарын дайындау 2013 жылға жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2014 жүргізілетін болады.