Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 33
  • Жауаптар: 33
  • 14.05.2012
  • 17.05.2012
  • Акимат Актюбинсткой области

Сисембаева Жансая Амангелдивна 12.06.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бауыржан Әлімұлы! Сәламатсызба. Мен 2010 жылы ақпан айында қызымды бала бақшаға тізімге қойдым. Қәзіргі таңда 24-ші болып тұр. Назар Ақерке №8 бала бақша. Жасы қазір 3,5. Бала бақша алдыңғы жылы жаңадан ашылды. Сондықтан биыл баланы аз қабылдаймыз дейді. Менің сізден өтінішім. Жас отбасымыз, жақында жұмысқа шықтым. Қызымды қарайтын адам жоқ. Осы мәселеге көмектессеңіз. Сізге көп-көп рахмет.

Администратор 14.06.2012

Құрметті Сисембаева Жансая! Қазіргі таңда балаларды балабақшаларға орналастыру мәселесі басты назарда екендігі белгілі. Қалалық балаларды балабақшаға қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес қызыңыз Назар Ақеркені 1 шағынауданында орналасқан №8 «Ақ Желкен» балабақшасына қабылдау жөнінде шешім қабылданды. Осыған орай 20 маусымнан кейін Ақтау қалалық білім бөлімінен аталған балабақшаға жолдаманы алуға болатынын қаперіңізге беремін.