Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 33
- Жауаптар: 33
- 14.05.2012
- 17.05.2012
- Акимат Актюбинсткой области
Нұралы Бекмырзаұлы Махмутов 14.06.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті: Бауыржан Әлімұлы!
Мен Маңғыстау ауданы, Шетпе селосының тұрғынымын. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасап келе жатқаныма 30 жылдай болды. Елбасымыздың саясатын қолдаймын. Халыққа арнаған жылсайынғы жолдауын оқып, танысамын. Биылғы халыққа арнаған жолдауын басшылыққа ала отырып, өзімнің қызметіме байланысты, жергілікті «Жаңа-өмір» газетіне төмендегідей тақырыпта материал бергенмін.
Жолдаудағы талап-қаржыны бақылау.
Елбасымыздың жолдауын теледидардан тыңдап, газеттен оқып таныстым. Жолдау халықтың әл-аухатының жақсы болуы, әсіресе экономиканы дамыту жолын айқындап көрсетіп берді. Дағдарыстың әлі де 5,6 жылға созылатындығына байланысты, экономиканы әртараптандыра отырып, оны жалғастыруды міндеттеді. Үкімет жолдаудағы он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыруда. Осы он бағыттың ішінде, әсіресе тоғызыншы бағыт қаржы қызметкерлері үшін, аса жауапкершілікпен жұмыс жасауды талап етеді.
Елбасы өзінің жолдауында қаржы шығындарын бақылау үшін 2008, 2009 дағдарыс жылдары кезінде нақты және өзінің тиімділігін дәлелдеген комиссия секілді арнайы комиссия құруды тапсырды. Қаржы саласы көзге көрінбейтін жұмыс. Бюджет-халықтың ақшасы екенің әрдайым естен шығармау керек. Халықтың қазнасы болғаннан кейін, қаржының өз мақсатына тиімді жұмсалғандығы, үнемделгендігі, дұрыс жоспарлануы, сонымен бірге бақылауда болғандығы жақсы. Үнемдемесең, дұрыс жоспарламасаң қаржының қолдан қалай кетіп қалғанын да білмей қаласын. Оны өмірдің өзі көрсетіп отыр. Соның бір айғағы-соңғы кездері аудандық бюджетте ақша болмай қалу салдарынан мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын жұмысшы-қызметкерлердің айлық еңбек ақыларының уақытында берілмеуі. Қазіргі таңда қаржы қызметкерлері жоспарланған бюджет қаржыларын 100 пайыз игеріп қана қоймай, жұмыс толық жасалдыма, тамақ, дәріге жұмсалған қаржылар нормаға сәйкес, игеріліп жатырма, сонымен бірге әр түрлі шаруашылық құрылыс салу, күрделі жөндеу шығындары тиімді жұмсалып жатырма, осыларды басты назарда ұстағаны жөн. Ауданымызда 50-дің үстінде мемлекеттік мекемелер бар. Осы мемлекеттік мекемелерге, соншама қызметтік жеңіл автокөліктер қызмет көрсетуде. Автокөлік ұстауға кеткен шығындар, нормаға сәйкес жұмсалып жатырма. Олар мемлекеттік бюджет үшін қандай пайда әкелуде. Мұны тоқсан сайын талдау жасап жатқан ешкім жоқ. Жергілікті аудан бюджетін игеру барда, оны бақылау өз дәрежесінде емес. Жолдауда көрсетілгендей, бюджет қаржыларының дұрыс жоспарлануы мен жұмсалуына бақылауды күшейту мақсатында жергілікті жерде комиссия құру керек. Басқару аппартындағы еңбек ақы қоры мен іс сапар, автокөлік шығындарына лимит енгізу 2011 жылы қызметтік автокөліктерді ұстауға қанша бюджет қаржысы жұмсалғандығына талдау жасау, бюджет қаржылары есебінен жоспарланған штат кестелерін, тамақ, дәрі және т.б шығындарға бақылау жүргізу-бүгінгі күннің талабы.
Бас редактор әр түрлі сылтаулар айтып берген материалымды газетке жарияламағаннан кейін, сіздің порталға жолдап отырмын.
Нұралы Бекмырзаұлы Махмутов
Администратор 15.06.2012
2012 жылға арналған аудан бюджетінің кірістер бөлімінің артық жоспарлануына байланысты шығыстар бөлімі де өз кезегінде игерілуіне әсер етіп отыр. Алайда ай сайын аудан бюджетіне мониторинг жасалып, еңбек ақы және міндетті әлеуметтік төлемдер уақытында төленуде, дейтұрғанмен алдағы уақыттарда әлеуметтік қызметкерлердің жазғы сауықтыруы, кезекті еңбек демалыс ақысы маусым, шілде айларында уақытында төлей алмау қауіпі бар, себебі аудан бюджетінің кіріс бөлімі шамадан тыс артық жоспарланып бюджет шығыстарына тапшылық туындап отыр. Аудан бюджетінің атқарылуына жыл басынан бері екі рет облыстық тексеру комиссиясы тексеру жүрігізіп осындай қорытынды берді. Аталған мәселе комиссия отырысында арнайы қаралып, шешімі алынды. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Инспекциясының 2012 жылғы сәуір айының 11-ші жұлдызындағы «Маңғыстау аудандық жергілікті атқарушы органдарында бюджеттік және мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталуын бақылауды тағайындау туралы» № 19-ө бұйрығы бойынша Маңғыстау ауданының жергілікті атқарушы органдарында бюджеттік және мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталуы мәселелері бойынша 16.04-16.05. аралығында кешенді бақылау жүргізілді. Оның ішінде еңбек ақы қоры мен іс сапар, автокөлік шығындарына лимит енгізу бойынша айтарлықтай кемшіліктер анықталған жоқ.