ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Жолдас Гүлнұр 10.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Шымкент қаласының Абай ауданындағы көп қабатты үйлердің аулалары абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңшаларын орналастырылды. Ал, Еңбекші және Әль-Фараби аудандарындағы көпқабатты үйлерге де осындай жұмыстар жүргізіле ме?

Администратор 12.04.2013

Құрметті Жолдас Гүлнұр! Аталған жұмыстарды облыстық бюджеттен кезең-кезеңімен шешу жөнінде шешім қабылданып, 2011 жылдан бастап бұл жұмыстарға тиісті қаржылар бөлінген болатын. Ағымдағы жылы Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыруға, балалар ойын алаңшаларын орнатуға жалпы облыстық бюджеттен 1,9 млрд.теңге қаржы бағытталып, нәтижесінде, Әль-Фараби ауданынан 129 аула, Еңбекші ауданынан 140 аула абаттандырылатын болады.