Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 09.10.2012
  • 11.10.2012
  • Павлодар облысының әкімдігі

Сабырханова Анна 09.10.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе? Менде сізге мынадай сұрақ бар. Қазақ тілді авторлардың көп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көруде. Осы істе аймағымыздың өзге ұлт өкілдері авторларының туындыларын баспадан шығару мәселесі қалай шешілуде?

Администратор 09.10.2012

Өте жақсы сұрақ. Осындай ұсыныстар болды және олардың оң шешімін тауып 2006 жылы ақын О.Н. Григорьеваның «Вежливый ребенок» атты түрлі-түсті балаларға арналған кітабын шығардық, ал биылғы жылы А.И. Колодиннің «Сәлем» атты кітабын шығаруды жоспарлап отырмыз.