Ақмола облысы әкімі Қ.П.Қожамжаровтың қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президенті Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақмола облысы әкімі Қ.П.Қожамжаровтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 26
- 19.03.2012
- 19.03.2012
- Акимат Акмолиской области
Кайрат 19.03.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қайрат Пернешұлы!
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында жас отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз ету қажет деп тапсырма берген болатын. Бұл мәселе біздің өңірімізде қалай шешілетін болады.
Администратор 20.03.2012
Жоғарыда аталған ҚР Президентінің Жолдауына сәйкес қазіргі таңда салалық Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істерінің Агенттігімен «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы әзірленуде. Аяқтау мерзісі ағымдағы жылдың шілдесінде. Ақмола облысы әкімдігімен осы бағдарламада қатысу бойынша барлық қажет ұсыныстары жолданған болатын. Сонымен қатар, 15.03.12 ж. № 04-06/553 облыс әкімдігінің келісіміне «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және инфрақұрылымдардың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындау бойынша Іс-шаралар жоспарының жобасы жолданды, онда Ақмола облысының аудандары мен қалаларында объекттер бойынша бағдарламаны іске асыру ұсынылды. Осы іс-шарала жоспары келісілгеннен кейін ағымдағы жылда кезектегілерге жалдамалы тұрғын үй және ТҚЖБ салымшыларына ипотекалық үй салу жалғастырылады, жас отбасылары үшін тұрғын үйдлер салынатын болады, жеке және коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысын дамыту қарастырылады, сонымен қатар тұрғын үйлер аудандарына инженерлік инфрақұрылымдары жеткізілетін болады.