Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Орынша Нсанбаева 31.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе Бергей Сәулебайұлы!
Ата бабамыз қашанда жетімін жылатпаған, орнын жоқтатпай, жебей білген. Бүгінгідей еліміздің жағдайында неге жетім болуы керек! Осы бастамаға үлкен қуанып отырмыз. Жақында естіп жатырмыз, облыс әкімшілігінде тағы бір маңызы зор әлеуметтік жобаны іске асырып жатырғанына үлкен рахмет. Менің білуімше, бұл ата-анасының қолдауынсыз қалған балаларды қолдаған облыстағы алғашқы қадам. Сұрайын дегенім, бізде осындай қанша бала бар, олардың тағдыры не болмақ? Тұрғын үймен қамту мәселелері бойынша қандай шаралар қолданылуда?
Администратор 01.06.2012
Статистикаға сүйенсек, қазіргі уақытта республикада 36 мыңнан астам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 84% бала тұрғын үйге мұқтаж. Бізде де жағдай осылай болып келгені жасырын емес. Еш көңіл бөлінбеді. Ащы да болса шындық, облыста осыған дейін жетім балалар мәселесі мүлде көтерілместен, айтылса да, тек құр сөз күйінде қалды десем қателеспеймін. Себебі интернаттан шыққан балалар, олардың ағайындары да жоқтың қасы, тікелей айтсақ, көшеде қаңғып қалды. Онымен айналысқан бірде-бір орган болған жоқ. Ал балаларға өз проблемасын шешуіне тура келді. Өзекті өртер ақиқат, бұлар басқа елден ауып келгендер емес, осы елдің, осы облыстың азаматтары, өз қаракөздеріміз, қандастарымыз. Оларды біз бұндай жағдайда қалдыруға қақымыз жоқ. Сондықтан бұл осы мәселені түпкілікті шешу үшін, олардың тұрмысын жеңілдетіп, өмірге барынша араласып кетуі үшін облыста кешенді шаралар алынды. Бұл балаларға ең басты қажеттілік - тұрғын үймен қамту. 2006–2012 жылдар кезеңінде мемлекеттік бағдарлама аясында тек қалада Нұрсая, Алмагүл, СМП-163 ықшам аудандарында 80-ге жуық жетім бала кең де жылы, жарық пәтермен қамтамасыз етілді. Біздің есебімізде қазір Атырау қаласындағы интернаттарда, балалар үйінде тәрбиеленген 130 бала тұрғын үйге мұқтаж. Қазіргі кезде 77 баланың тұрғын үй мәселесі шешіліп тұр. Оларға аудан орталықтарынан суы, газы, жарығы мен жылуы, тіпті қажетті жиһаздармен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етілген дайын пәтерлерді бере бастадық. Одан басқа балаларын балабақшаға, өздерін жұмысқа орналасуын қолға алып, қадағалап отырмыз. Бұл балаларға барлық әлеуметтік қолдаулар еш кедергісіз көрсетілуі үшін әр аудан әкіміне нықтап тапсырма берілді. Ал қалған 57 баланы осыжылдың аяғы келесі жылдың 1 тоқсанына дейін біздің облыста жетім балалар проблемасы толықтай шешілетін болады. Осындай міндет қойып отырмын.