ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Айтубай Маржан 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елбасымыз Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында және биылғы 2050 стратегиясында да ел экономикасының дамуына ерекше көңіл бөліп, жыл сайынғы Жолдауында даму басымдықтарын көрсетіп келеді. Осы қойылған мақсаттарға қазір қаншалықты деңгейде қол жеткізіп отырмыз?

Администратор 12.04.2013

Қазақстанның дербес егемен ел болып құрылған кезінен бастап экономикадағы реформалардың нәтижелеріне баға бергенде, ең алдымен, экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің қалыптасуына біртіндеп кезең-кезеңімен көшкендігін атап өту керек. Қазақстан экономикасын тұрақты өрлеу траекториясына шығаруға жағдай жасаған бірқатар негізгі факторларды атап өткен жөн. Біріншіден, бұл әлемдік нарықта ұдайы жоғары сұранысқа ие салалардың дамуымен байланысты конъюнктуралық өсім. Қазақстан жағдайында бұл, бірінші кезекте, мұнай мен газ өндірісі дамыды. Екіншіден, бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді толық не ішінара қалпына келтіруден көрінген, дағдарыстан кейінгі қалпына келтіре отырып өрлеу. Ең алдымен, бұл қара және түсті металдарды, электр және жылу энергетикасын, азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын, өнеркәсіп жабдықтарын, көлік және байланыс қызмет көрсетулерін және тағы басқаларды өндіру қолға алынды. Үшіншіден, тауарлар мен қызмет көрсетулер жаңа сегменттерді енгізудің нәтижесінде жүйелік өсім байқалуда. Бұл факторға шағын кәсіпкерлікті, қаржы секторын дамытуды, жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ автомобильдерді сатуды, үй шаруашылығы секторында тауарлар мен қызмет көрсетулерді дамытуды жатқызуға болады. Төртіншіден, индустриялық-инновациялық саясаттың іске асырылуы арқылы қамтамасыз етілген инновациялық даму. Жалпы, экономикамыз әлемдік экономикалық дағдарыстың теріс әсерінде болған жағдайда бұл бағыттағы белсенді мемлекеттік саясат ішкі сұраныс пен ел кәсіпорындарының инвестициялық белсенділігін қалпына келтіру үшін мықты ілгеріледі.