ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Қуанышбаев Өтепберген 10.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Асқар Исабекұлы! Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа "Қазақстан-2050" атты Жолдауында көлік қатынастарына да халыққа қолайлы қызмет жасау жайында нақты атап өтті. Мысалы: Шымкент Түркістан бағытының жолы, жалпы ұзындығы 170 км құрайды. Осы бағытта қатынайтын микроавтобустардың құны 1000 теңгеге шарықтады. Әр шақырымға шаққанда 6тг түсіп отыр. Ал Қызылорда-Түркістан жолы 300 км құрайды. Мүнда да микроавтобус құны 1000 тг құрайды, яғни шақырымына 3,3 тг келеді. Айырмашылығы өте үлкен. Шымкент Түркістан бағытындағы орынсыз жол ақысының өсуін тексеріп тосқауыл қоюыңызды өтінеміз. Қуанышбаев Өтепберген Зейнеткер.

Администратор 12.04.2013

Құрметті Қуанышбаев Өтепберген! Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-II «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабының талаптары бойынша жергілікті атқарушы органдар тұрақты бағыттардың жолақы мөлшерін белгілеуге құқылы. Сондықтан 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап автобустарда және шағын автобустарда жолақының шекті мөлшері 1 км. 3,7 теңге етіп бекітілген. Яғни, жолақы мөлшері 1 км-ға 3,7 теңгеден аспауы қажет. Сондықтан, қазіргі таңда «Шымкент - Түркістан» бағытында автобустар және шағын автобустар 500- 600 теңгеден автовокзалдардан жүріп жатыр. Сіздің арызындағы «Хундай» автокөліктері «такси» санатында жүретін болғандықтан, аталған Заң бойынша олардың бағалары шектелмеген, яғни такси жұмысында еркін тарифтер қолданылады. Сондықтан «такси» тасымалындағы жолақы мөлшерін белгілеуге жергілікті атқарушы органды заңды құқығы жоқ.