ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Алипбаева Алмагүл 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жолдауда кадр саясатына да мән беріліп, кадр мәселесі бойынша өзгерістер жасалатыны атап өтілді. Бізде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Администратор 12.04.2013

Мемлекеттік қызмет саласында елеулі өзгерістер орын алады. Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер ортасында элиталық «А» корпусы жасақталады. «А» корпусы дегеніміз – басқарушылар, қатаң талаптар бойынша іріктеледі. Кадрларды іріктеу мен жоғарылатуда меритократия қағидасын күшейту, «А» басқарушылық корпусын құру, басқару тетіктерін жетілдіру және кадр қызметінің мәртебесін көтеру, мемлекеттік қызметшінің тәртібі мен этикасын бақылау жаңа модельдің бағыттары болып табылады. Мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін көтеруді мақсат ететін реформаға байланысты ҚР Президентінің 7 Жарлығы және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 4 бұйрығы қабылданды.