Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы

Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауы бойынша Алматы облысының әкімі С. Үмбетовтің интернет-конференциясы http://zhetysu-gov.kz/

  • Сұрақтар: 55
  • Жауаптар: 43
  • 04.03.2011
  • 05.03.2011
  • akimфе of Almaty region

Оразалинов Саят 31.03.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ұлт ретінде өмір сүрудің негізгі және басты белгісі тіл екенін үнемі жадында ұстайтын Елбасы биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, бұл бағыттағы жұмыстарды ұтымды жүзеге асыру жолдарын айқын белгілеп берді. Мемлекеттік тілдің болашағы туралы өз ойыңызды білдірсеңіз?

Администратор 31.03.2011

Мемлекеттік тіл – қазақ тілі береке-бірлігіміздің бастауы болса, оны ең алдымен, Президентіміздің көреген саясатының нәтижесі деп білуіміз керек. Осы уақытқа дейін «Қазақ пен қазақ тек қазақша сөйлессін» деп ескерту жасаған Елбасы бұл жолы «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс» деп бүкіл Қазақстан азаматтарының алдына міндет қойды. Он жылдан кейін мектеп бітіретін оқушылар 100 пайыз мемлекеттік тілді біліп шығуы керектігін атап көрсетті. Мемлекеттік тіліміздің болашағы айқындалды. Соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық басым. Мемлекеттік тілдің болашағы зор екендігіне сеніммен қарауға негіз бар. Өйткені, болашағын ойлайтын мемлекеттің тілдің қоғамдағы рөліне, оның қолдану аясын дамыту ісіне баса мән беруі – заңды құбылыс.