Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы

- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.05.2011
- 30.05.2011
- Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
Сарин Жомарт 30.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Ырғыз селосы орталығынан Самара-Шымкент және Шалқар-Ырғыз республикалық жолдарының қиылысына дейінгі жолдың жағдайы нашар. Аудандық маңыздағы 11,3 шақырымды жөндеуге болмас па екен?
Администратор 30.05.2011
Ырғыз селосы орталығынан республикалық маңыздағы Самара-Шымкент және Шалқар-Ырғыз автожолдарының қиылысына дейінгі аудандық маңызы бар 11,3 шақырымды күрделі жөндеуден өткізудің жобалау сметалық құжаты дайындалып қойылды. Облыстық бюджеттен автомобиль жолдары басқармасы арқылы жобалау сметалық құжаты бойынша 338,4 млн. теңге қаражат бөлуге облыстың 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасына 2012 жылға ұсынылды.