Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтың қатысуымен өткен Интернет – конференция
Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтің қатысуымен өткен Интернет – конференция
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 23.06.2011
- 24.06.2011
- Интернет-конференция акима Жамбылской области К.А. Бозумбаева о ходе реализации в регионе Послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана “Построим будущее вместе!”
Бегманов Сейтбек 23.06.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Қанат Алдабергенұлы!
Сарысу ауданының еңбеккерлері Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, егін және мал шарушылығын дамытуда қажырлы еңбек етіп, «Ет бағытындағы мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасын іске асыруға арналған «Сыбаға» бағдарламасының талаптарына сай жұмыс атқаруда.
Сіздің ықпалыңызбен Сарысу ауданына Ақкөл көлінен “Таразсушар” РМК-ы мен Шу-Талас бассейндік инспекциясы ауданға барлығы 30 млн м3 су жіберетін болып, 2011 жылдың 1 маусымнан бастап Ақкөл көлінен Аса өзенінің арнасымен 8 м3/с көлемінде су босатылды. Бүгінгі күнге жіберілген 15 млн м3 су Талас ауданы, Үшарал ауылының тұсындағы көпірден өтіп Сарысу ауданының аумағына енді жетті. Судың жүрісі өте баяу, осы қалыпта ағатын болса межелі, қажетті жерлерге толық жетпейтіні сөзсіз. Ауданға Аса өзенімен 1992 жылы және 2005 жылы су жіберілген, ол жылдары да су аз босатылғандықтан, аяғына дейін жетпеген болатын. Су келмегендіктен экологиялық тепе-теңдік сақталмай, жер тозып, сорға айналып барады. Құрғақшылыққа байланысты Сарысу ауданы Қырым қанды безгегі ауруының ошағына айналды. Кенелердің белсенділігі әлі де азаймай отыр. Қазіргі уақытта 53 адамды кене шаққаны жөнінде тіркелді, олар жергілікті атқарушы органдар мен дәрігерлердің бақылауында.
Құрметті Қанат Алдабергенұлы! Бүгінде Ақкөл көлінде 150 млн м3 су жиналып тұр, Аса өзенінің арнасымен 80 млн м3 су жіберуге толық мүмкіндік бар.
Сарысу ауданы үшін проблема болып отырған суға байланысты мәселені Сіздің түбегейлі, тиянақты шешетініңізге толық сенемін.
Құрметпен Сарысу аданының
еңбек ардагері С. Бегманов
Администратор 23.06.2011
Сарысу ауданында экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында Ақкөл көлінен жыл ішінде 30,0 млн. текше метр су жіберу көзделген. 2011 жылдың 1 маусымынан бастап 8,0 м3/сек су жіберілуде. Бүгінде су Сарысу ауданының аумағына жетті. Осы уақытқа дейін 16,4 млн. текше метр су жіберілді және ол әлі де жалғасуда. Ақкөл көлінің жалпы сиымдылығы – 264,0 млн. текше метрді құрайды. Ол жерде жиналған судың көлемі – 150,0 млн. текше метр немесе жалпы көлемінің 56 пайызы. Қазірдің өзінде көл екіге бөлініп, судың табаны көрініп жатыр. Көлдің тереңдігі 1,0 метрден 3,0 метрге дейін. Сондықтан, Ақкөл көлінен су белгіленген мөлшерде ғана босатылады.