Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 33
- Жауаптар: 33
- 14.05.2012
- 17.05.2012
- Акимат Актюбинсткой области
Ниязова Канбиби Есболайкызы 14.06.2012, Сұрақ нөмірі:
Cалеметсизбе! Мен 2003 жылдан бери калалык акимшиликте муниципалдык патерде кезекте турмын. Казирги танда 99-шы кезектемин. биыл ягни 2012 жылы патерлер болинеме умитимиз кандай? 19 ш/а курылысы битип турган 4 кабатты 3 уй кашан халыктын пайдалануына бериледи?
Администратор 15.06.2012
Құрметті Канбиби Есболайкызы! Қала бойынша 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қорынан тұрғын үйлер тапсырылған жоқ. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында 19 шағын ауданынан салынып жатқан үйлер тапсырылады. 2002 жылдан бастап тұрғын үй алу тізімінің кезегінде 19 адам, 2003 жылдан бастап 77 адам тұр. ҚР «Тұрғын үй қатыстары туралы» Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдерін жүргізеді: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 2) әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтар; 3) мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Осыған байланысты тапсырылған үйлердің пәтерлері жоғарыда көрсетілген тізімдер бойынша төрт санатқа бөлініп беріледі.