Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 09.10.2012
- 11.10.2012
- Павлодар облысының әкімдігі
Шолпан 11.10.2012, Сұрақ нөмірі:
Соңғы 2 – 3 жыл аралығында біздің театрлар, мұражайлар, ескерткіш-ғимараттар, аудандық мәдениет үйлері, ауылдық клубтар, кітапханалар және т.б. жақсарды. Бұлардың барлығы «Жол картасы», «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асты. Әсіресе, ауылдық жерлердің мәдениет объектілеріне жөндеу жұмыстары ары қарай жүргізіле ме?
Администратор 11.10.2012
Аталған бағыттар бойынша жөндеу жұмыстары жалғасады. «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Лебяжі ауданы Ямышев ауылында және Павлодарское ауылында мәдениет үйлерін салу, сонымен қатар Ақтоғай, Железин, Лебяжі, Успен және Шарбақты аудандарында 14 ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.