ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Байболов Максат 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету , бүкіл шекаралас көрші елдермен қарым-қатынастарды нығайту мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Администратор 12.04.2013
Қазақстан Республикасы дамуының басты шарты – елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүйелі жұмыстар атқарылып отыр деп айтуға негіз бар. Қазақстан бүкіл шекаралас көрші елдермен достық қарым-қатынаста. Соңғы жылдар ішінде қауіпсіздікке кепілдік беру мақсатында елдің Қарулы Күштерін реформалау жүзеге асырылды, әскердің ұйымдық-штаттық құрылымы жаңа қауіп-қатерлерге сәйкес келтірілді. Әскери доктрина, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бекітілді. Әскери құрылымдардың байланыс және хабарландыру жүйелерін жетілдіру бойынша жұмыс атқарылуда. Жалпы, 2003 жылдан бастап әр 3 жыл сайын еліміздің астанасында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа ұйымдар өкілдерінің қатысуымен әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары Съезі өтеді. Мұнда өркениеттер дағдарысынан жеңіп шығу, шиеленістерді бейбіт жолмен шешу үшін әлемдік діндердің өзара әрекеттесуіне қатысты маңызды мәселелер талқыланады.