ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Раманқұлов Рашид 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында және Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясында Ислам дінінің «Ханафи» мазһабына ерекше көңіл бөлінген. Осының сыры неде деп ойлайсыз?

Администратор 12.04.2013

«Ханафи» мазһабы ислам дінінің сунниттік бағытындағы мазһабтарға қарағанда неғұрлым байсалды, сабырлы, ұстамды, толерантты, қанағатшыл, жергілікті әдеп-ғұрып, салт-сана заңдарымен санасатын мазһаб. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының да ұстанатын және ресми насихаттап отырған мазһабы да осы «Ханафи» мазһабы болып табылады. Сонымен қатар ата-бабаларымыз Ислам дінінің сүнниттік бағытын, оның ішінде «Ханафи» мазһабын ұстанған. Осының аясында елімізде ешқашан діни алауыздық пен діни қақтығыстар болмағаны тарихтан белгілі. Міне, сол себепті ханафиттер жер жүзінде ең көп тараған мазһаб болып есептеледі