АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

• Сұрақтар: 44
• Жауаптар: 44
• 17.04.2013
• 19.04.2013
• Алматы облысының әкімі

Мақпал 17.04.2013, Сұрақ нөмірі:

• 0

Құрметті әкім! Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету үшін қандай шаралар қолданылуда?

Администратор 19.04.2013

2012 жылы шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 103,1 мың бірлікті және онда жұмыспен қамтылғандар саны 262,5 мың адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға артты.
Өндірілген өнім көлемі 533,1 млрд. теңгені құрады, (Нақты индекс көлемі – 2011 жылға қарағанда 102,8%), бюджетке шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 21,7 млрд. теңге салықтық түсімдер түсті, өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға артты.
Бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсетілуде.
2012 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 2 млрд. 281 млн.теңге бөлініп, 90 жоба мақұлданды (оның ішінде, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша 77 жобаға 1 млрд. 168 млн.теңге бағытталды, индустриалды инфрақұрылымды дамыту бойынша 1,1 млрд. теңгеге 13 жоба жүзеге асырылды).
2013 жылы 1 млрд. 898 млн. теңге бөлінді(соның ішінде, жеке кәсіпкерлікті қолдауға - 968 млн. теңге, индустриалды инфрақұрылымды дамытуға 930 млн. теңге).
Жыл басынан жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша несие сомасы 4 млрд. 478 млн. теңгеге 23жоба мақұлданды (соның ішінде, кепілдік беру бойынша 3,9 млн. теңгеге бір жоба мақұлданды).
Индустриалды инфрақұрылымды дамыту бойынша 162 млн. теңгеге 2 жоба мақұлданды.