Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 17
- 17.05.2011
- 19.05.2011
- Атырау облысының әкімдігі
Мухамбетов Адилет 18.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Соңғы жылдары Жайық өзені тасымай, оның салдарынан орман-тоғайлар қурап, шабындық алқаптар құрып кету қаупі төніп отыр.
Облыс әкімдігі тарапынан оның сулылығын арттыруға бағышталған қандай шаралар алынып жатыр.
Администратор 18.05.2011
Шындығында да Жайық өзенінің көктемгі су тасқыны көлемінің азаюына байланысты Жайық өзені өз деңгейінен көтерілмей отыр. Өзеннің трансшекаралық су объектісі екенін ескере отырып, облыс кәмідігі 2009 жылы түрлі деңгейде кеңестер өткізді. Соңғы кеңейтілген отырыс 2010 жылғы 27 қаңтарда Ресейдің уәкілетті органдарының, ғалымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, уәкілетті және жергілікті мемлекеттік органдардың, Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі өкілдерінің және су шаруашылығының ардагер-қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Осы кеңестің қорытындысы бойынша біздің ұсыныстарымыз ҚР Премьер – Министріне жолданды. Аталған проблема бойынша ҚР Премьер – Министрі К.Мәсімов 2010 жылғы 18 маусымдағы Атырау облысына жұмыс сапары барысында Жайық өзенінің проблемасы 2010 жылғы шілдеде Орал қаласында өтетін Ресей Үкіметімен бірлескен кеңесте қаралатындығын мәлімдеді. 2010 жылғы 22 шілдеде Орал қаласында 2 ел үкіметінің қатысуымен өткен кеңесте Жайық өзенін қалпына келтіру жөніндегі нақты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар облыс әкімдігі облыс бюджеті есебінен Жайық өзенін сақтап қалу бойынша жұмыс жүргізуде. Нақты шешім қабылдаау үшін аталған мәселереспубликлық деңгейде қаралып, оны ҚР және РФ Президенттерінің VII өңіраралық Форумында қарау туралы ұсыныс енгізілді. Тапсырмаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы минстрліктері Жайық өзенін қорғау мен қалпына келтіру жөніндегі бірлескен кешенді іс-шаралар жоспарын жасақтап, Ресей Федерациясы үкіметіне келісуге ұсынды. Биылғы жылы соңғы үш жылға қарағанда өзен деңгейі едәуір көтерілді. Алайда, су арықтар мен сай-салаға құйғанымен, шабындық алқаптарға, жайылымдарға жеткен жоқ. Бұл мәселенің әлі де жете мән беруді қажет ететіндігін білдіреді. Облыс әкімдігі Жайық өзенінің гидрологиялық режимін сақтау және өзен түбін тереңдету жұмыстарының, тайыздалып бітелген арық, арналарды тазарту жобаларын дайындап, оң қорытынды алды.