Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 17
- 17.05.2011
- 19.05.2011
- Атырау облысының әкімдігі
Нуреденов Азамат 18.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы!
Жуырда облыстық газеттен көгалдандыру жөніндегі көлемді мақалаңызды оқыдым.
Қуаныштымыз: «Жасыл желек» жобасы - облыс өміріне соны жаңалық болатын, өте керемет идея екен.
«Орман - ел дәулеті, жер сәулеті» деген бекер емес.
Жаңа жоба радиациялық, өндірістік, транспорттық ластану аймақтарының бірінен саналатын біздің облысымыз үшін үлкен пайдасы бар жоба болғалы тұр.
Сүйікті қаламызға сән беретін, ауаны зиянды заттардан тазартып, түрлі дерттердің азаюына септігін ти¬гізетін бір келелі іс боларына сенім мол.
Қолдаймыз. Осы мәселеге, әсіресе, ірі компаниялар үн қосса, нұр үстіне нұр.
Өсімдік - жер шарының өкпесі, екіншіден, қоршаған ортаның көркі.
Табиғатты қорғау шараларының бір парасы – бұл жоба іске асса, Атырау қаласы жасыл-желекке оранып, сұлу қалаға айналар еді. Ісіңіздің әрдайым оңынан, сәтті болуына тілекшімін!
Администратор 18.05.2011
Рахмет!