Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 17
- 17.05.2011
- 19.05.2011
- Атырау облысының әкімдігі
Губайдуллина Канагат 18.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Менің психоневрологиялық аурумен ауыратын балам бар. Өзім жұмыстамын, күндіз ауру баланы тастайтын жерім жоқ. Осы науқаспен ауыратын балаларды кешке дейін қалдыратын арнаулы медициналық мекеме бар ма?
Администратор 18.05.2011
Бүгінгі күні Атырау облыстық ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйі жанынан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі стационарлық бөлімше ашылды. Бөлім арнайы қабілеті бар балалардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсетеді. Стационар сағат 8.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін жұмыс жасайды.