Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 33
- Жауаптар: 33
- 14.05.2012
- 17.05.2012
- Акимат Актюбинсткой области
Мадима Давленбаев 12.06.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бауыржан Әлімұлы! Қошқар Ата жөнінде.
Мен Туркменстанда 1980 ж. аяғында Красноводск қаласында осындай суды қолданып, кооператив ашып, 2,0 га жерге егін егіп, айналыстым (суданка, сібіреткі, гүл). Небит-Даг деген қалада өндірістік тәжірибелік орталықтың меңгерушісімен ақылдастым - биология ғылымдарының кандидаты Лалыменко А.Г. (опытная агролесомелиоративная станция) - олар сондай суларды қолданып, шөп өсіріп, малға беріп, онан соң зерттеуге Литваға жіберетін. Сусыз егіп өсірген тәжірибелік алаңдарына барып көрдім. Қошқар Атаға ағаш емес егін егуге де мүмкіншілік бар ғой деп ойлаймын. Өзім инженер-гидротехникпін, Жаңаөзен қаласында тұрамын. Құрметпен Мадима Давленбаева.
Администратор 13.06.2012
Құрметті Мадима! Туған жердің экологиялық жағдайын жақсартуға деген ниетіңізге рахмет! Қошқар ата - түбінде 4,0 млн. тонна қара тұз жатқан табиғи ойпат. Ондағы тұздың үстіне ешқашан шөп шықпаған. Мыңдаған жылдар бойы жергілікті халық тұзын пайдаланып келгені белгілі. Міне сол ойпатқа 1965 жылдан бастап Каспий аймақтық таукен металлургия комбинатының 105,1 млн тонна уытты қалдығы төгілген. 2007-2009 жылдары оның радиациямен ластанған жерлері залалсыздандырылды. Енді ойпаттағы басқа уытты қалдықтардың шаң арқылы жан-жаққа тарауын тоқтату үшін оның бетін ұшпайтын топырақпен жауып залалсыздандырудың жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып жатыр. Жоба аяқталған соң келесі жылы қалпына келтіру жұмыстары басталады. Ойпаттың жан-жағына өсімдік өсіру туралы мәселемен Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолығыңыз. Байланыс телефондары 8(7292) 319080, 319082.