Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 09.10.2012
- 11.10.2012
- Павлодар облысының әкімдігі
Құдайбергенов Арыстан 11.10.2012, Сұрақ нөмірі:
Павлодар облысы сыртқы экономикалық қызметті Ресей Федерациясынан басқа қандай елдермен жүзеге асырады?
Администратор 11.10.2012
Облыстың сыртқы саудасы әлемнің 80 астам елімен жүзеге асырылады, соның ішінде Ресейдің үлесі 60% асып жығылады. Облыстың Еуропа елдеріндегі негізгі сауда әріптестері Германия және Италия, Азия елдерінен Қытай және Түркия. Павлодар облысының сыртқа экспорттаушы тауарлары: көмір, электр энергиясы, глинозем, алюминий, ферроқорытпа, мұнай өнімдері, бидай мен ұн болып табылады. Өңірдің импорттық номенклатурасына химия, металлургия, машина жасау, құрылыс және тамақ өнеркәсібінің өнімдері және ХТТ (халық тұтынатын тауар) да кіреді.