Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.05.2011
- 30.05.2011
- Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
Жеткерген Аманжолов 30.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Өткен жылы «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» облыстық марафон-эстафетасына көптеген жастар, студенттер қатысып, еңбек етті.
Биылғы жылы марафон республика бойынша өткізіліп жатқандығын білеміз. Осы марафонға қанша жас қатысады және қорытындысы қашан болады?
Администратор 30.05.2011
2010 жылы ақтөбелік жастардың бастамасымен «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты облыстық марафон-эстафетасы өткізілген болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша марафон барысында қала мен аудан жастары 957 гектарлық саябақтар мен скверлерді абаттандыру, 1981 гектарлық өзендер мен көлдер жағалауларын тазарту, 380 ауылдық округтердегі 9739 тұрмыстық қоқыс шығару, орман жағалауларындағы 2200 километр тас жолдарды қоқыстан тазалау, 800 нысанды қайта жөндеу, 350-ден аса гектар жерге гүлзарлар мен газондар егілді т.б. жұмыстарды атқарды. Жұмыс маусымының нәтижесінде еңбек еткен жастар еңбекақымен қоса 70-ке жуық автокөлік, 1000 ноутбукпен марапатталса, 2000 жауынгер Астананы 3 күн аралып қайтуға арнайы жолдамаға ие болды. Жастар бастамасы тек облыс жұртшылығынан ғана емес, барлық республика үшін жалпыұлттық идеяға айналып, 2011 жылы 18 наурызда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен республикалық марафон-эстафета салтанатты түрде бастау алды. Бұл шараға республиканың барлық облысынан жастар қатысып, ақтөбелік жастардың тәжірибесімен бөлісті. Биылғы жылы «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» республикалық марафон-эстафетасы аясында Ақтөбе облысында барлығы 70 000 – нан астам адам жұмыс жұмыс жасайды. Марафон-эстафетаға қатысушылар жұмыс киімі, құралдары және бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі немесе ыстық тамақтың орнына, оның құны ақшалай төленеді. Өтелген жұмыс уақытына әлеуметтік төлемдер, соның ішінде еңбек ақысы және тамақтану ақысы төленеді. Қажеттілікке қарай бригадалар мен отрядтар жұмыс уақытында көлікпен (автобуспен) қамтамасыз етіледі. Осы жылы марафон-эстафета аясында 1 миллион ағаш-тал отырғызу жоспарланып отыр. Марафон–эстафетаны қорытындысы бойынша марапаттау салтанаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласында өткізу жоспарлануда.