Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 43
- Жауаптар: 0
- 22.10.2012
- 24.10.2012
- Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Серикбаева Гульнур Ерболовна 24.10.2012, Сұрақ нөмірі:
Салеметсізбе Бердібек Машбекұлы! Бізде Қасым Қайсенов (Молодежный) кентінде, Солнечная көшесінде суық су құбырларын ауыстырамыз деп тамыз айының ортасында қазылған шұңқырлар әлі күнге дейін жабылмай жатыр, құбыр ауыстыру жұмыстары орындалып жатқан жоқ.Жұмысшылар бірде бар бірде жоқ. Істемесе не үшін қазғандары түсініксіз. Қауыпсіздік туралы шаралар мулдемге жок. Көрші апа уйіне қарай өтемін деп,құлап қолын сындырды. ПИК, Әкімшілікке барып есігін тоздырғанмен, бір жауап:"Подрядчиктер істеу керек". Баламыз 1-сыныпта оқиды, мектепке барарда, қайтарда өте қорқынышты. Өзіміз қалада жұмыс істеймиз.
Мектепте балалар 3 уакыт барып оқып жүр, (орыс мектебімен аралас, бала коп) жаңа мектеп бітпей жатыр, түсінеміз. Бірақта,осы оқып жүрген мектебіміздің ғимаратын әкімшілік алдық деп 1-2 этаждағы терезелерін ауыстырып жатыр. Балалар шаң-тозаңда оқып жатыр.Ертең күні ашық тұрған терезеден балалар құлап мертіксе кім жауап береді? Көмектесіңізші!Өтініп сұраймыз!