Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011
  • Аким Атырауской области

Серик 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қызылқоға ауданынан хабарласып тұрмын. «Қант диабетімен» ауыратын науқас баламды Астана қаласына «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» апарып емдеткім келеді, оған жолдаманы қайдан алу керек?

Администратор 26.10.2011

Стационарлық емдеу көмегінің науқасқа қажеттігін емдеу дәрігері шешеді. Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық қөмек қажеттілігін облыстық денсаулық сақтау басқармасы комиссиясы шешеді, сонда хабарласыңыз. Сізге көмек көрсетуге тапсырма беремін.