Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Аслан 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Жеке үй құрылысы үшін жер учаскесін алған адам 2 жыл ішінде жерді мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда жер учаскесін меншік иесінен мәжбүрлеп алып қою жүзеге асады деген шын ба?
Администратор 26.10.2011
Жер кодексінің 92 бабына сай ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғынүй құрылысына немесе өзге де құрылысқа арналған жер учаскесі екі жыл ішінде (егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда, ондай жер учаскесі осы Кодекстің 94 бабында көзделген тәртіппен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қоюға жатады. Бұл кезеңге мұндай учаскені игеруге қажетті уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылай пайдалануға мүмкіндік бермеген өзге де мән- жайларға байланысты аталған учаскені мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндік болмаған уақыт кірмейді. Меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органының талап – арызы бойынша сот тәртібімен жүргізіледі. Аталған Кодекстің 92 бабында көзделген жағдайда жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейін кемінде бір жыл бұрын жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнінде қажетті шаралар қолданбаған жағдайда ғана берілуі мүмкін. Енді сіздің сұрағыңызға келсек, сіз алған жеріңіздің құжаты жөнінде толық мәлімет бермей отырсыз, сондықтан, дәл жауап беру қиын. Берілген шешімде жер учаскесінің пайдалану мерзімі көрсетілген болса, құрылыс жұмысыңызды жүргізе бересіз де, ал егер үлгере алмайтын болсаңыз, мерзімі аяқталуына 3 ай уақыт қалғанда, жергілікті әкімнің атына мерзімін ұзарту жөнінде өтініш жазасыз. Ал, егер жеріңіз жеке меншікке беріліп, 2 жылдан астам уақыт нысаналы мақсат бойынша пайдаланбасаңыз, онда жоғарыда аталған заң талаптарына сай жеріңіз мәжбүрлеп алып қойылуы мүмкін.