Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Жалгас 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Оралмандарға жер учаскесін беру қалай жүзеге асады?
Администратор 26.10.2011
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 46 бабы бойынша оралмандарға қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін елді мекен жерінен, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерден, арнайы жер қорынан және босалқы жерден уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы беріледі. Сонымен қатар, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жоғарыда аталған жерлерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асады.