Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011
  • Аким Атырауской области

Марта 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен бұрын жедел жәрдем бекетінде жұмыс істедім, Бесікті ауылында тұрамын. Ауырып жедел жәрдем шақыртып едік, 2 сағаттан соң келді. Неге кешіккенін сұрасақ, автокөлік аз деп жауап береді. Жедел жәрдем жұмысы қашан жолға қойылады?

Администратор 26.10.2011

Өзім жақында арнайы осы жедел жәрдем бекетінің басында болып, жағдаймен көріп, толық таныстым. Бүгінгі таңда қала бойынша тұрғындарға 13 медициналық жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді. Енді оның санын 18-ге көбейтеміз деген жоспарда бар. Биылдың өзінде облыстық әкімдік қолдауымен жедел жәрдем бекеті қазіргі заман талабына сай, барлық жедел медициналық қызмет көрсететін, әлемдік деңгейде жарақтандырылған 14 шетелдік техникамен толықтырылды. Бүгінгі күні облыстағы медицина автопаркі едәуір жаңартылды. Кадрлардың әлеуметтік мәселелерін бірінші кезекте шешіп отырмыз. Одан басқа жедел жәрдем қызметіне тікелей әсері бар - қаланың және оның айналасындағы елді мекендердің жолдары, аудан орталықтарының жолдары - бәрі тақтайдай тегіс, бір емес қатарынан бірнеше көпір салынып, көлік инфрақұрылымы толықтай жасақталды. Қазір мысалы Дамбыдан, Еркінқаладан қалаға дейін 10-ақ минутта, Бесіктіге әрі кеткенде 20 минутта жетуге болады. Жәдел жәрдемнің неге кешігіп баратыны маған да түсініксіз. Автокөлік аз, жетіспейді деген ол - шындыққа сай емес әңгіме. Сондықтан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы М.М.Өтепқалиев, Сізге тапсырма: жедел жәрдем қызметін қатаң қадағалаңыз, күнделікті желіге шыққан автокөлік жұмыстарының тиімділігін бақылауға алып, халыққа дер кезіне қызмет көрсетілуін тәртіпке келтіріңіз. Қаладан алыстау елді мекендерден басқа жақын маңдағы поселкелерге 10-15 минутта жетуі керек.