Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді

  • Сұрақтар: 41
  • Жауаптар: 41
  • 09.10.2012
  • 11.10.2012
  • Павлодар облысының әкімдігі

Қарабаев Қайролла 09.10.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қайырлы күн, құрметті Ерлан Мұхтарұлы! Қаламыз бен жалпы аймағымыздың өркендеуіне қосып жатқан еңбегіңізді бағалайтын және игі істеріңізге куә азаматтардың бірі ретінде Сізге зор ризашылығымды білдіргім келеді! Сіздей елі мен жерін сүйген, нағыз отансүйгіш азаматтарымыз көп болсын! Менің сауалым: көп жаңалықтарды ақпарат құралдарынан естіп, көріп, оқып жатамыз. Әсіресе, Павлодар радиосынан аймақ жаңалықтары көптеп беріледі. Білейін дегенім, Павлодар радиосы «Қазақ» радиосының бөлімшесі ме?

Администратор 09.10.2012

Адал ниетіңізге рахмет! Павлодар радиосы облысымызбен бірге жасап келе жатқан радио. Алдағы 2013 жылы оның құрылғанына 75 жыл толады. Бұл облыс мерейтойымен тұспа-тұс оқиға. Біздің радиомыз еліміз бойынша «Облыстық радио» мәртебесіне ие жалғыз ғана радио. Басқа аймақтарда жұмыс істейтін радиолар бар, алайда аймақ халқын радиохабарларымен толық қамтып отырған тек Павлодар облыстық радиосы. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы қиын кезеңдерде аймақтардағы облыстық радиолар жабылып қалғанда, Павлодар облысы өз радиосын сақтап қалған болатын. Сондықтан Павлодар облыстық радиосы «Қазақ» радиосынан бөлек радио.