Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 09.10.2012
- 11.10.2012
- Павлодар облысының әкімдігі
Смаилова Гульдана Темирханкызы 09.10.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті аймақ басшысы! Менің сауалым: менің балаларым мектепте оқиды. Бізді - ата-аналарды, мектептердегі асханаларда балаларды тамақтандыру мәселесі қатты толғандырады. Көп жағдайда мектеп асханалары арендаға берілген. Сонда тамақтың сапасына кім бақылау жүргізеді? Естуімше, Астанада мектеп тамақтандыру комбинаты ашылады екен, Павлодар қаласында да осындай комбинат ашылады ма?
Администратор 09.10.2012
Сіздің сұрағыңызбен толық келісемін. Балалардың денсаулығын сақтау аса маңызды мәселе. Мектеп асханаларында балаларды тамақтандыру сапалы, қолжетімді және азық-түлік көптүрлі болуы керек. Ыстық тамақпен қамтамасыз етуді бақылау білім беру басқармасы органдарымен және жергілікті тиісті қызметтермен (санэпитбақылау) іске асырылады. Мектеп тамақтандыру комбинатын ашу туралы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында республикамыздың барлық облыс орталықтарында аталмыш комбинаттарды салу қарастырылған.