Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 09.10.2012
- 11.10.2012
- Павлодар облысының әкімдігі
Жанжигитова Ш.Б. 10.10.2012, Сұрақ нөмірі:
Мен Ақсу қаласы ауылдық аймағының Қызылжар ауылынан боламын. Біздің ауылда шамамен 2000 адам тұрады. Қазіргі уақытта ауылдарды дамыту бойынша қандай шаралар қолданылып жатқанын айтыңызшы. Рахмет.
Администратор 10.10.2012
Қазір ауылдық елді мекендерді дамытуға көп көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні үлгілі ретінде 25 ауылдық елді мекен анықталды, бұл тізбеге Қызылжар ауылы да кірді. Оларды одан әрі дамыту бойынша 2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді, ол үлгілі ауылдардың әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылық салаларын дамытуға бағытталған.