Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 09.10.2012
- 11.10.2012
- Павлодар облысының әкімдігі
Лебяжі ауданы Ямышев ауылының тұрғындары 10.10.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Облыс әкімі! Лебяжі ауданы Ямышев ауылының тұрғындары 17 жыл бойы жаңа мәдениет үйін салу жөніндегі мәселені көтеріп келеді. Біздің клуб 20 жыл бұрын өртенген. Шағын ауылдарда клубтар салынып, ескілері жөндеуден өтіп жатқан кезде, біздің ауылда жаңа мәдениет үйі салынбайды ма екен?
Администратор 10.10.2012
Облыс мәдениет басқармасы 2013 жылғы «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасына Лебяжі ауданы Ямышев ауылына мәдениет үйін салу жөніндегі ұсынысын енгізді.