Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011
  • Аким Атырауской области

Ринат 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Азық-түлік қауіпсіздігін сақтай отырып, халықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз ету - бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Бұл бағытта жергілікті жерде қандай жұмыстар жүргізілуде?Сонымен қатар тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыруда жергілікті жерден мал өнімдерін облыс орталығындағы сауда орындарына сатуда қиыншылықтар тап болуда. Атап айтқанда ауыл тұрғындары қолдарындағы малды сойып сатуға келгенде базарлардан орын алып сату қиын болып отыр. Бұл мәселені шешудің жолы бар ма?

Администратор 26.10.2011

Сұрақ өте орынды. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1754 қаулысына сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Атырау облысы әкімдігі арасындағы келісімге сай, облыс бойынша 1 мал сою пункті мен 13 мал сою алаңдарын іске қосу жоспарланған. Бұл жұмыстар бүгінгі күнге толық іске асырылып, пайдалануға берілді. Бүгінде облыстың барлық аудан орталықтары мен елді мекендерінде сойылып сатылатын мал аталған мал сою пункттері мен мал сою алаңдарында жүзеге асырылады. Жыл сайын жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерін делдалсыз сатуға қала базарларынан орындар бөлініп келеді. Жергілікті тұрғындар мен шаруагерлердің мал өнімдерін сатуға «Дина», «Көктем», «Мұрагер» базарларынан арнайы орындар берілген. Бүгінгі күні бұл тұрғыда ешқандай кедергілер болмауы керек. Егер сауда орындары әкімшілігі тарапынан қандай бір кедергілерге тап болсаңыздар, қабылдауыма тікелей келулеріңізге болады. Бұл біздің алдымыздағы басты басымдықтардың бірі.