Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Равиль 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Сіздің бастамаңызбен Құлсары қаласындағы су жүйелері толықтай қалыпқа келтіріп және жаңа құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар қашан аяқталатынын білгіміз келеді?
Администратор 26.10.2011
Екі жыл бұрын айтқан болатынмын: Құлсары қаласын Атыраудан кейінгі екінші қала, яғни облыстың екінші қақпасына айналдырамыз деп, міне, бүгін Құлсарының келбеті адам танымастай өзгертілгенін жақсы білесіздер. Қалада 55 мың халық тұрады. Оған қоса бұл жерде дүниежүзілік маңызды жобалар жүзеге асуда, онда әлемнің түкпір-түкпірінен келіп мамандар жұмыс жасауда. Қалаға жан-жақтан қонақтар келіп-кетіп жатыр. Айтқан уәдемізге тұрып, Құлсары Атырау сияқты, көрікті, қазіргі заманғы сәулетке сай жаңа келбетке ие болады. Осы сөзімізді іске асырып, қазірдің өзінде бүкіл поселке жолдары қайта салынып, көшелер абаттандырылып, жарықтандырылып, жаңа парктер мен аллеялар іске қосылды. Гүлзарлармен көркемделді. Одан басқа көптеген әлеуметтік нысандар: мектептер, емдеу мекемелері, спорттық ғимараттар мен мәдениет орындары, ауыз су, газ, жылу, жарық, канализация жүйелері салынды. 3 жыл бұрын «Игілік бағдарламасы бойынша бөлінетін қаржыны жергілікті жерге қалдырған болатынмын. Соның арқасында ондаған жылдар бойы су тапшылығынан зардап шегіп келген, мұнайлы, қазыналы ауданның орталығы – Құлсары биыл жаңа су құбырымен, таза, сапалы ауыз сумен 90 пайыз қамтылады. Ал 2012 жылы бұл жұмыстар толықтай аяқталады. Сонымен Құлсары қаласы 100 пайыз қамтылып, алдағы елу жылда су проблемасы болмауы керек. Міне, халыққа ең бірінші қажеттіліктің бәрі іске қосылды. Осыдан басқа адамға не керек! Әрине, жұмыстар бұнымен шектелмейді. Енді қаланы жасылдандыру, ағаш егу, гүлзарлар мен бақтарды отырғызу қажет. Одан басқа да атқаратын жұмыстар бар.