Қарағанды облысының әкімі Ахметов Серік Нығметұлының қатысумен өтетін интернет-конференция 29.11.2011

Қарағанды облыс әкімінің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 39
  • Жауаптар: 37
  • 29.11.2011
  • 29.11.2011
  • Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлының қатысуымен өтетін Интернет-конференция

Садыков Куаныш 31.10.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында ауданда біршама жұмыстар атқарылды. Елді мекендер абаттандырылып, көркейді. Кейбір елді мекендерде саябақтар ашылды. Осы бағытта аудан орталығындағы саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізіле ме?

Администратор 01.11.2011

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Маралды, Сарыөлең, Боран ауылдық округтерінде жастар саябақтары жөнделіп, ашылды. Аудан орталығындағы саябақтың абаттандыру жұмыстарына байланысты жобасы дайын. Ағымдағы жылы саябақ ішіндегі «Би алаңы» қоршалды. Су бұрқақ қалпына келтірілді. Балалар ойнайтын алаң салынды. Келесі жылы бұл жұмыстар жалғасатын болады.