Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 134
- Жауаптар: 134
- 12.03.2013
- 14.03.2013
- Ақмола облысының әкімдігі_1203
Бақыт 13.03.2013, Сұрақ нөмірі:
Салеметсізбе Қосман Қайыртайұлы! Ақмола облысы бойынша қанша мемлекеттік тілді оқыту орталықтары бар және олар қандай бағдарламамен оқытады?
Администратор 13.03.2013
Құрметті Бақыт! Облыс бойынша 1 облыстық, 2 қалалық және 16 ауданда мемлекеттік тілді оқыту орталықтары бар. «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде» үйрету әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарламамен жұмыс жасап жатыр.