Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 134
- Жауаптар: 134
- 12.03.2013
- 14.03.2013
- Ақмола облысының әкімдігі_1203
Айша Оразбай хажы Әбішкеліні 14.03.2013, Сұрақ нөмірі:
Бисмиллахир рахманир рахим!
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қ.Қ. АЙТМҰХАНБЕТОВ мырзаға
көшірмесі
Военком Қ.Қ. Суннетов мырзаға
Ассаламуғалайкум, Әкім мырза!
Пишем письмо по поводу поиска места захоронения нашей дедушки Шалова Оразбая, который погиб во время Великой Отечественной Войны в 1945 году в Польше, г. Рембертова, о чем мы узнали в Книге Председателя Совета Ветеранов Кокшетауской области Жанайдара Рамазанова об участниках Великой Отечественной Войны в 1941-1945 гг. отправленных из г. Кокшетау на войну в 1941 году, декабре, из г. Көкшетау.Там указан номер войскового батальона №03881 . Но правнук Оразбая Шалова, сын его внука Адильбека Ораховича Оразбаева не смог по компютеру самостоятельно отыскать место захоронения продеда..Говорят войсковой номер неправильный... ПРОСИМ ВАС ПОМОЧЬ ПОЛУЧИТЬ ДОСТОВЕРНЫЕ ИНФОРМАЦИИ О ПОГИБШЕМ СОЛДАТЕ В ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ ШАЛОВА ОРАЗБАЯ И ПОМОЧЬ ЕГО ВНУКУ И ПРАВНУКУ ПОСЕТИТЬ МЕСТО ЕГО ЗАХОРОНЕНИЯ ДЛЯ СОВЕРШЕНИЯ РИТУАЛОВ УВАЖЕНИЯ И ПОМИНАНИЯ, так как дед им снится постоянно... Вставляем информацию с Книги Хаджей Казахстана об этом человеке:
ШАЛОВ ОРАЗБАЙ , қатардағы жауынгер, 1900-ші жылы Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Жаңаауыл ауылында туған, ұлты қазақ.. 1941 жылы желтоқсанда Көкшетауда, әскерге алынды.
03881 ӘБ құрамында Екінші Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысына қатысты.
1945-ші жылы қаңтарда ауыр жарақаттан Польшада қайтыс болды. Рембертов қаласында жерленген.
/Бұл ақпарат Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды есте қалдыру мақсатында Көкшетау қаласының құрметті азаматы, Отан соғысының ардагері Жанайдар Рамазановтың құрастыруымен шыққан «Книга Памяти» кітабынан алынды/.
Оразбай - бәйбішесі Ақжібек Солтанбекқызы Шалкелінінен 14 перзент сүйіп, солардың тек үшеуі тірі қалған . Үлкені Елжас, ортаншысы Орақ, кішісі Боранбай.
Ауылда бидай, арпа егіп, мал фермасында басқарушы жұмыстарда болыпты. Совет Үкіметі орнағанға дейін атасы Тоқсанбайдың, одан әкесі Шалдың сексен айғыр үйір жылқысы болған екен. Бірге туған ағайындылар Шал әулеті деп аталады.
Үкімет ауысып жатқан кезде үстіне бақуат жылы киім киіп, жүйрік атпен жылқыларын қарап келгелі шыққан Ескендір деген ағасын Колчакпен қызыл әскердің соғысы жүріп жатқан кезде қуып жүріп, атып өлтірген деседі. Ал жылқылары түгелімен ию қию сапырылысқан көп әскердің қолдарында кетіпті. Ескендір қаза тапқан жер Қарағай деп аталады. Оның маңындағы ескі қорымдағы тастарда аймен жұлдыз қоса шабылған, арабша дұғалар жазылған тастар өте көп.. Үнсіз сыр бұғып жатқан шоқ қайыңдар...Олардың тұсынан ішкілік ішіп, тракторымен өтіп бара жатқан бір адам бірде түн ішінде тракторының өз дегеніне көнбей қорымды шыркөбелек айналып жүре бергеніне қатты шошынып, қалтасында айлық жалақысы бар костюмін шешіп, ағашқа іледі. Осы кезде кенет бұлт ашылып, түн қараңғылығын айдың сәулесі түріп, ауылға барар жол көрінеді. Өңі қуарған әлгі адам қызулығынан айығып, үйіне таң алдында ес түссіз әрең жетіпті. Осыдан соң біраз уақыт ауызына ішкі алмаған деседі. Бірақ дінді үйретпек түгілі, үндеместен қорқатын, намаздарын тығып оқитын Оразбайдың жары Ақжібек ортаншы баласына намазға жығыл деп айта алмаса керек. Ол кездерде атеистік насихаттың бел алғаны сондай, қабіршілерге жылынсын деп арақ тарататын. Қарағайдың ескі қорымына қабір қаза барғандардың ішінен жаңағы тракторшының күрегі ертеде қойылған адамның сүйегіне тиіпті... Екінші рет бұл зираттан қатты қорыққан ол қайтіп бұл тарапқа бармай кеткен деседі.
Намазға келіп, дін әлемін таныған кезде балалары әкелерінің басынан осындай жағдай өткен қорымға әдейілеп, Құран оқуға барды. Барғанда қазіргі Түркие байрағындағыдай таңбалы тастардың көптігіне таң қалысты. Себебі ол кездегі үрдіс қабірге темір шарбақты бес жұлдыз ғана қойылатын, ай жоқ еді.. Негізінен ай ағаштан жонылып, жерлегенде аты жазылып орнатылатын, бірақ арада біраз уақыт өткенде ағаш шіріп, лақыт ойылып жоқ болып кететін. Түркиенің елтаңбасы бұл көне тастарға қайдан келген, ол жағын ешкімнен сұрап біле алмадық. Үнсіз мүлгіген тарих қойнауы сыр бүгіп жатыр.
Алла қаласа немерелері Польшадағы Оразбай хажының қабірін тауып алып, мүмкін болса басына ай белгісін қоюды армандайды...
Қажылық парызын немересі Әбішкеліні Айша Оразбай хажы Алланың разылығы үшін орындады. Алла қабыл етсін!
ШАЛКЕЛІНІ АҚЖІБЕК СОЛТАНБЕКҚЫЗЫ ,
Оразбай Шалұлының бәйбішесі, Отан үшін соғыста шаһит болған боздақтың жесірі - Ақжібек Зеренді ауданындағы Долбы ауылының қызы , 1901 жылғы.Ораза, намазын үзіп көрмеген, тақуа адам болды. Бастарына түскен талай нәубет жылдарда масақ теріп, күнелткен екен. Колхоздың ауыр жұмыстары денсаулығына біраз салмақ салса керек.. Басқарманың жон терісіне тиген қамшысы да, өзге де қиыншылықтар ешқашан Аллаға құлшылығына бөгет бола алмапты. Оның балалары тұрмай зарыққанында тоқтаған үлкен ұлы Елжасқа деген ықылас, пейілі ерекше еді.. Сондай-ақ бауырым келді деп, жамағайындарының қолында өскен туған бауыры - Қостомарлық Мыңжасар Тұқановты әркез қуанышпен күтіп алып отырушы еді, жарықтық! Ұлы Елжас он алты жасында өзге де замандастарындай жастарына жас қосқызып жазғызып, соғысқа аттаныпты. Баласының тілеуін қатты тілеген ананың дұғасы қабыл болып, Елжас соғыс біткенде үйіне аман сау оралады. Тек көп ұзамай немістерде пленде болғаны үшін деп ұстап әкетеді. Оның қатты қысымдарға шыдамай еріксіз Мұстафа Шоқай құрды деп айтылатын Түркістан Легионында болғаны анықталып, ату жазасына кесіледі. Ақжібек айе Сталинге хат жазады. Ол өзінің ері Оразбайдың соғыста ерлікпен шайқасып қаза болғанын, енді пленде болдың деп баласының өмірі қиылғаны тұрғаны туралы жазып, рахымшылық сұрайды. Сталин оның өтінішіне құлақ асып, ату жазасын 25 жыл түрмеде отыру жазасына ауыстырған екен. 1956 жылы 20-сыншы шілде күні , Ел Айт мейрамын тойлап жатқанда жеті жарым жыл түрмеде отырған Елжастан «рахымшылыққа іліктім, үйге келе жатырмын» деген телеграмма келіпті. Осы күннің алдындағы кеште Елжастың жары Күлзейнеп абысыны, Орақтың әйелі Ақықтың айттың етін пісіріп жатып, толғатып, қиналмай-ақ шөшалада, қазанның басында босанып қалғанында етегін тосып, нәрестені етегіне түсіріп алып, кіндігін кескен екен. Ертесіне келмеске кетті деген күйеуінен келе жатырмын деген телеграмманы алғанда бұл шарана бақыт әкелді деп, қайны енесі Ақжібек екеуі баланы өз бауырларына салып алуға ниет етіпті. Қайны Ағасын күткен ел күнде топырлап келіп, жиылып отырып, жол тосқанда Ақық оларға қызмет жасап жүріп, өзіне қарауға мұршасы келмепті. Осыдан сүт кернеген кеудесі ісіп, кейін, алты айдан соң жарылыпты. Еленовка деген жерде орыс кемпіріне Жақыпбек Кәрімбаев деген қайын ағаларының үйінде жатып қаралып, тәуір болыпты. Осы себептерден де Айтта туған, /Айтжан/ Айша деп аты қойылған қызын Қайынағасының шаңырағына беріп жіберіпті.
Ақжібек Солтанбекқызының Мекке, Мединеде бесінші парызы – хажылығын осы немересі атқарды. Алла қабылдыққа жазған болсын! Ақжібек хажының басына есімі жазылған құлпытас тек 2005 жылы Елбасының Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін зиарат еткен күні, Астанада Мешіт салушы Түркістан жігіттерінің жүйрік машиналарымен Астанадан Көкшетауға апарылып, немересі Сәдібектің қолымен қойылды. Көшек қыздарының ақ матасын Түркістандық Мұрат әйе қабіріне құрметпен жапты, жатқан жері жәйлі болсын!
Очень надеемся, что вы поможете нам исполнить сыновний долг перед предком во имя патриотичесой воспитании подрастающего поколения! Если будет фотографии деда, были бы очень признательны! Благодарим Вас заранее за поддержку, оказанную Вами!
С уважением,
внук Шалова Оразбая - Оразбаев Әділбек Оракович,
Оразбаев Абылай Адильбекович.
Адрес: г. Алматы,
Мкр. Мамыр-7. Дом 4, кв 10.
Тел. +77013427115
+77078176331
/Написала письмо по просьбе брата Адилбека Оразбаева
Айша Оразбай хажы Әбішкеліні, руководитель Общественного Фонда «Айша». /контактные данные для уточнения: г.Астана, ул.Каркабат, 2.
Мечеть Әбіш Ата Назарбай, строющиися обьект Медресе Әлжан Ана имени матери Основателя новой Государственности Н.Ә.Назарбаева.
Email - aisha.medrese1@mail.ru/
Айша Оразбай 27.04.2022, 02:05
Ассаламуғалайкум! Рахмет! Бірақ әлі күнге ешбір хат та, хабар да алмадық... Өтінішімізді қайтара қабылдай аласыздар ма? Шалов Оразбайдың қабірін табу мүмкін бе? Ол госпитальде қайтқан ғой... Ал оларды жерлеп, белгі қойған... Қалай, қайтіп таба аламыз?
Администратор 14.03.2013
Хатыңызда аталған Шалов Оразбайдың жерленген орнын табу бойынша өтініш қазіргі кезде Ақмола облысының қорғаныс істері департаментімен қарастырылуда. «Боздақтар» кітабында жарияланған мәліметті ресми түрде растау және О.Шаловтың нақты жерленген жерін табу үшін, департамент басшылығы Қазақстан Республикасының қорғаныс Министірлігі арқылы Польша республикасының құзырлы мекемелеріне ресми сұраным хат ресімдеуде. Польша республикасынан ресми жауап алғаннан кейін қосымша ақпарат Сіздің мекенжайыңызға жіберілетін болады.