Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 134
- Жауаптар: 134
- 12.03.2013
- 14.03.2013
- Ақмола облысының әкімдігі_1203
Айша қоғамдық қоры 14.03.2013, Сұрақ нөмірі:
Қадірлі Әкім мырза!
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка с/аумағындағы Жаңаауыл ауылында клуб жөндеу көрмеген, есік-терезесі жоқ. Дүкен, монша, асфальт жол атымен жоқ. 40 үйлі ауыл жастары жұмыссыз. Мешіт салынса береке кірер еді..Көмектесіңізші, ЖОЛ Бағдарламасына ауылға апаратын 3 км грейдерді асфальттауды қостырыңызшы!
Администратор 14.03.2013
Жанауыл селосындағы бұрыңғы клуб ғимараты 20 орындық бастауыш мектебіне қайта құрылып, күрделі жөндеуден өткенін хабарлаймын. Осыдан бұрын ауылда жеке кәсіпкерлермен дүкендер ашылған болатын, алайда төмен сатып алушылық сұранысына байланысты олар жабылған. Бүгінгі күні ауыл халқы азық түлік пен шаруашылық тауарларымен осы ауылдан 3 километр қашықтықта орналасқан Еленовка с. дүкендерінде және облыс орталығының сауда нүктелерінде қамтамасыз етіледі. Әр жеке шаруашылықта жеке меншік моншалар бар, сондықтан қоғамдық моншаны ашу орнықсыз деп саналады. Жанауыл селосынан республикалық «Көкшетау-Қостанай» трассасына дейнгі қашықтық 1,5 км құрайды, жолдың жағдайы жақсы, жыл сайын жолдарды грейдерлеу мен кескіндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыссыздар туралы айтатын болсақ, ауылда 37 аула бар, жалпы халық саны 203 адам. Олардың ішінде Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар ретінде ешкім тіркелмеген. Село тұрғындары 5 фермерлік шаруа қожалықтарында, 3 жеке кәсіпкерлікте, «Жана-ауыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істеуде. Ауылда мешіт ашу орнықсыз, өйткені Еленовка селосындағы мешіттің өзінде келушілер саны аз екені байқалады.